Кіріспе

Танысу
Жаңғырту
Қорытынды

Танысу

Бітік сайтына қош келдіңіз!
Бұрада көне түркі таңбаларды оқу, жазу және қашау мүмкіндіктері беріледі.
Таңбаларды түркі бабамыз 1000 жылдан астам уақыт бұрын жазуы ретінде қолданған.
Алдымен олармен өзімнің қалай танысқанымды баяндап берейін.

Алғаш рет...

2004 жылы көне жазу жайлы естідім. Жарықтық анашым мені 8-шы сыныпта ауылдағы нағашы апайымның қолына оқуға тапсырған. Ол кісі жергілікті мектепте қазақ тілінің мұғалімі еді. Бір күні тіліміз жайлы әңгіме қозғалғанда, нағашым менімен келесіні бөліскен:

Сөйтіп алғаш рет төл жазуымыз жайлы білдім.

Көп жыл өтіп,

2016 жылдары түрік тілін үйреніп жүрген кезім еді. Youtube'тан Gökbey Uluç деген түрік ұстаздың каналын тауып, одан жаңағы таңбаларды біраз үйрендім. 11-ші ғасырда Орта Азиядан көшкенге дейін, қазіргі түріктін оғыз бабалары да таңбаны қолданған екен.

Сол жылы Өскемендегі Пушкин кітапханысынан "Түрік Бітік" дискісін таптым. Оны 2008 жылы Алматыдағы Абай атындағы ҚазҰПУ шығарды. Дискідегі бағдарлама көне таңбалар жайлы.

Library in Oskemen.

Жаңғырту

Фонт

2017-2021 жылдары біраз жағдайға байланысты бұл тақырыпқа қолым жетпеді. Арасында түрік тілінен кейін өзбек тілін үйреніп жүрдім.
2022 жылы Түрік Бітік дискідегі Turik фонттын1 негізінде, заманауи түрки тілдерге бапталған жаңа Turik Round фонтын жасадым. Себебі көне нұсқа мен бүгін мәтін жазу қиын. Нәтижесін дисктін авторларына (Нәпіл Базылхан, Гүлзада Сержан) жіберіп көрсеттім. Олар еңбегімді негізі жылы қабылдады.

2024 жылы таңбаларды тасқа қашау үшін Turik Sharp фонтын жасадым. Себебі алдыңғы фонттағы таңбалардын бұрыштары домалақ, қашауға ыңғайсыз еді. Ал бүл фонттағы таңбалардың ұштары үшкір. Ол менен мәтін де жазуға болады.

Мәтін

2024 жылдан бастап балаларға арналған мәтіндерді тауып, керек болса аударып таңбалаймын.
Арасында жапондық "Кесте" сайттының беттері де бар. Ол Моңғолияда туратын қазақтар жайлы. Жапон халқынан үлгі алып, кейбір сөздерді қытайша (ханша) таңбаладым.
2026 жылы келер ұрпаққа арналған bitik.asia вебсайттын жасадым.


Қорытынды

Сайттын бөлімдеріне қысқа шолу:

Алғыс

Берілген мүмкімдіктер мен көмегі үшін шын жүрегімнен алғыс білдіремін:

Ерлан.О